20 ЖЫЛДЫҚ АЗАПҚА НҮКТЕ ҚОЙЫЛА МА?

20 ЖЫЛДЫҚ АЗАПҚА НҮКТЕ ҚОЙЫЛА МА?

Ауыр жүк көліктері.

Қауіпті басып озу.

Қыста шақырымдарға созылатын кептеліс.

Ауыр жол апаттары...

Ақтөбе–Қарабұтақ–Ұлғайсын жолының мәселесін жүргізушілер жылдар бойы айтып келеді. Тәулігіне мұнда 12–15 мың көлік өтеді, оның басым бөлігі — жүк машиналары.

Енді халық көптен күткен өзгеріс басталды. 262 шақырымдық трасса 4 жолаққа дейін кеңейтіліп, халықаралық дәліздің өткізу мүмкіндігі артпақ.

Қазір 7 учаскеде мыңнан астам адам мен 800-ге жуық техника жұмыс істеп жатыр.