Фильм Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтарының бірі — Ядролық физика институтының тарихына, ғылыми-зерттеу базасын дамытуға, мамандар даярлауға және атом саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесіне арналған. Онда Институттың ғылыми базасы, халықаралық ынтымақтастығы, ЦЕРН-нің ірі ғылыми эксперименттеріне жас ғалымдардың қатысуы, сондай-ақ қызметкерлер мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау, соның ішінде тәуелсіздік жылдары ғылыми-зерттеу ұйымы үшін арнайы салынған жалғыз жатақхананың құрылысы көрсетіледі.
Ядролық физика институты Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің тапсырмасы бойынша дайындаған деректі фильмді ұсынады
Ядролық физика институты Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің тапсырмасы бойынша дайындаған деректі фильмді ұсынады