Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімінде әрбір азаматтың тегін орта білім алу, еңбек ету бостандығы және кәсіп түрін еркін таңдау құқықтары нақты бекітілген. Бұл конституциялық кепілдіктер бүгінде Түркістан облысында жүйелі түрде жүзеге асырылып, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қызмет етуде.
Еліміздегі демографиялық өсімі ең жоғары аймақ саналатын Түркістан облысында балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету басты назарда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығы мен шалғай аудандарда заманауи білім ордалары салынып, оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына толық жағдай жасалуда.
Сонымен қатар өңір тұрғындарының еңбек ету құқығын іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы мен мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары қарқынды жүргізілуде. Мыңдаған түркістандықтар кәсіптік оқудан өтіп, мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер арқылы өз ісін ашып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуде. Ата Заңда көрсетілген құқықтардың нақты іс жүзінде орындалуы — өңір дамуының басты тірегі.
#АтаЗаң #ҚазақстанКонституциясы #Конституция2026 #АдамҚұқығы #ЗаңМенТәртіп #ӘділеттіҚазақстан