Қазақстанның бірнеше өңірінде маңызды жол құрылысы қарқын алған.
???? Маңғыстау облысында Түрікменстан шекарасы мен Жаңаөзенді байланыстыратын 50 шақырымдық халықаралық автожол салынуда. Жоба аяқталғанда жол жүру уақыты 7 сағаттан 2 сағатқа қысқарады. Сондай-ақ үш ел арасындағы транзиттік әлеует артады.
???? Қатонқарағайда Қазақстандағы ең биік көпірлердің бірінің негізгі аралығы орнатылды. Жаңа көпір жергілікті тұрғындар мен туристердің қатынасын жеңілдетпек.
???? Қостанай облысында 56,7 шақырым жол жаңартылып жатыр. Жол төсемі терең өңделіп, жаңа асфальтбетон төселеді.
Елдегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың барысы туралы «Қарқынды құрылыс» бағдарламасынан көріңіз.
Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз.