Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті.
2026 жылғы 11–13 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ресми Threads парақшасында «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» ақпараттық акциясы өтеді.
Акция аясында азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпарат беру көзделген.
Өзіңізді немесе жақындарыңызды толғандыратын сұрақтар болса, мамандардан кеңес алу үшін төмендегі QR-кодты сканерлеңіз.
???? Толық ақпарат пен мамандарға жолдану үшін QR-кодты пайдаланыңыз.
#БізденСұраңыз #БізҚасыңыздамыз #ҚауіпсізҚоғам