«Даму» қорының 7 жылдық нәтижесі: Кәсіпкерлікке серпін берген 10 триллион теңге

«Даму» қорының 7 жылдық нәтижесі: Кәсіпкерлікке серпін берген 10 триллион теңге

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту — мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Осы бағытта «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2019–2026 жылдар аралығында отандық бизнеске ауқымды қаржылай қолдау көрсетті.

Инфографикалық деректерге сүйенсек, соңғы 7 жыл ішінде қор желісі бойынша кәсіпкерлерге берілген несиенің жалпы көлемі 10,2 триллион теңгені құрады. Осы уақыт ішінде елімізде 176 716 бизнес-жоба қордың тікелей қолдауына ие болды.