ЕҢБЕК АДАМДАРЫ – ЕЛ ТАҢДАУЫНЫҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ – ЕЛ ТАҢДАУЫНЫҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА

Ел ырысын еселеп, жердің берекесін арттырып жүрген еңбек адамдары – тракторшылар да сайлаудан қалыс қалмады. Жетісай ауданының №232 сайлау учаскесінде күнделікті тынымсыз еңбегімен ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген тракторшылар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Диқанның маңдай терімен астық өнсе, техника тізгіндеген тракторшының еңбегімен кең дала түлейді. Еңбек адамдары үшін елдің ертеңі мен ауылдың болашағы қашанда маңызды.

Бүгін дала төсінде еңбек етіп жүрген тракторшылар өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершілігін танытты.