Еңбек адамы – қоғамның берік негізі

Еңбек адамы – қоғамның берік негізі

Еңбек – елдің өркендеуіне жол ашатын басты құндылық. Қоғамның тұрақты дамуы мен ел экономикасының нығаюында маңдай терімен адал еңбек етіп жүрген азаматтардың үлесі зор.Күн сайын өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсібін шеберлікпен атқарып жүрген еңбек адамдары – ел дамуының нақты қозғаушы күші. Олардың еңбегі өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, қызмет көрсету саласында және басқа да маңызды бағыттарда көрініс табуда.