ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ – ӨҢІРЛЕРДІҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ – ӨҢІРЛЕРДІҢ ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа энергия өндіру қуаттарын іске қосу және электр желілерін жаңғырту мәселелері стратегиялық міндет ретінде белгіленді. Бұл – еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру мен экономиканың тұрақты дамуы үшін аса маңызды бағыт.

Қазіргі таңда электр энергиясына деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Өнеркәсіп орындарының көбеюі, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың салынуы энергетикалық инфрақұрылымға түсетін жүктемені арттырады. Сондықтан электр энергиясын өндірумен қатар, оны тұтынушыларға үздіксіз жеткізу жүйесін де жетілдіру қажет.

Түркістан облысында халық санының өсуі, өндіріс орындарының ашылуы және ауыл шаруашылығының дамуы энергияға деген қажеттілікті арттырып отыр. Осыған байланысты электр желілерін жаңарту, қосалқы станциялардың қуатын арттыру және жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану маңызды.

Жолдауда көтерілген энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту міндеттері өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Себебі тұрақты электр қуаты – кез келген өндіріс орнының қалыпты жұмыс істеуінің негізгі шарты.

Менің ойымша, энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне ұзақмерзімді жоспар тұрғысынан қарау қажет. Бүгін салынған инфрақұрылым ертеңгі экономикалық өсімнің негізіне айналуы тиіс.

Энергетикалық қуаты тұрақты елдің өндірісі де, кәсіпкерлігі де, әлеуметтік саласы да сенімді дамиды.