Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында аралас жекпе-жектен чемпион атанды

Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында аралас жекпе-жектен чемпион атанды

Финалда қазақстандық спортшы тәжікстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.


Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды.

Ол 71 келіге дейінгі (modern) салмақта финалда тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша Қадырбек Шынбаев Қазақстан құрамасына аралас жекпе-жектен екінші алтын жүлдені әкелді.

Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Еркінғали Бүркіталин чемпион атанған еді.