Қазақстанда мемлекеттік қызметтер жаңа деңгейге өтуде: енді мемлекет азаматқа өзі көмектесетін болады
Бүгін Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік қызметтердің тұтас экожүйесін қалыптастыру мәселесі қаралды.
Бұл жай ғана мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру емес. Енді мақсат – азаматтың уақытын барынша үнемдейтін, қажетті қызметті өзі анықтап, процесті соңына дейін сүйемелдейтін ақылды цифрлық мемлекет құру.
Бұрын азаматқа:
???? қай мемлекеттік органға жүгіну керегін анықтау;
???? қажетті қызметті іздеу;
???? құжаттарды жинау;
???? өтініш толтыру қажет болса,
енді бұл процестердің басым бөлігін цифрлық жүйе адамның орнына атқара алады.
eGov GPT – мемлекетпен сөйлесудің жаңа тәсілі
Мысалы, азаматқа «тұрғылықты жері бойынша тіркелу» немесе «баланы мектепке орналастыру» қажет болса, қажетті қызметті ұзақ іздеудің қажеті жоқ.
Жай ғана өз мәселесін қарапайым тілмен жазса жеткілікті. eGov GPT қажетті қызметті өзі анықтап, өтінішті қалыптастыруға және процесті нәтижеге дейін сүйемелдеуге көмектеседі.
Қазір бұл форматта 50 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін олардың санын 150-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ал келесі кезеңде мемлекет азаматтың өзіне қызмет сұрағанын күтпей, қолда бар деректер негізінде қажетті қызметті проактивті түрде өзі ұсынатын болады.
QazTech – мемлекеттік жүйелердің бірыңғай цифрлық негізі
Мемлекеттік органдардың жүздеген бөлек ақпараттық жүйелерінің орнына бірыңғай технологиялық архитектура қалыптасуда.
QazTech платформасына мемлекеттік цифрлық өнімдерді көшіру басталды. Биыл 39 жүйені көшіру жоспарланған, оның 36-сы бойынша жұмыс аяқталуға жақын.
Мұның азамат үшін пайдасы қандай?
???? ақпарат алмасу жылдамдайды;
???? қайталанатын жүйелер азаяды;
???? бірнеше мемлекеттік органға жеке-жеке жүгіну қажеттілігі төмендейді;
???? мемлекеттік қызметтер жылдамырақ әрі тұрақты жұмыс істейді.
Мысалы, биыл бірінші сыныпқа қабылдау жүйесі 365 мыңнан астам өтінішті өңдеп, екінші ай қатарынан ақаусыз жұмыс істеп тұр.
ЦОНдар да өзгереді
Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн форматқа көшкен сайын ЦОНдардың рөлі де өзгереді.
Енді ЦОН қызметкері азамат үшін барлық әрекетті орындайтын оператор ғана емес, күрделі жағдайда көмектесетін консультантқа айналады.
Жаңа AI-офистерде азамат қызметтерді eGov GPT арқылы терминалдардың көмегімен өз бетінше ала алады.
Яғни қарапайым қызметті бірнеше минутта өзіңіз аласыз, ал маманның көмегі шын мәнінде қажет болатын жағдайларға бағытталады.
Бизнес үшін де цифрлық экожүйе кеңейеді
Кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің шамамен 60%-ы әлі де қағаз форматында жүзеге асырылады.
Бұл бағытта eGov Business маңызды рөл атқарады.
Қазірдің өзінде қосымша арқылы бизнесті тіркеуге, банк шотын ашуға, лицензия алуға, компания құрылымын өзгертуге және басқа да қызметтерді алуға болады.
Жаңартылған сервисті 135 мың рет жүктеген, ал ай сайынғы аудиториясы шамамен 35 мың кәсіпкерді құрайды.
???????? Цифрлық мемлекеттің басты мақсаты қандай?
Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингінде 24-орында тұр.
Ендігі міндет – онлайн қызметтердің санын көбейту ғана емес.
Нағыз цифрлық мемлекет – азаматтың уақытын үнемдейтін мемлекет.
Анықтама іздеуге, кезекте тұруға, бірнеше ведомствоға баруға, бір құжатты қайта-қайта ұсынуға уақыт кетпесе – цифрландырудың нақты нәтижесі осы.
Ал жасанды интеллект бұл процесті одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет азаматқа бейімделуі керек. Ал технологиялар осы мақсатқа қызмет етуі тиіс. ????????