КЕНТАУДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР ТОЙ КҮНІ ДАУЫС БЕРДІ

КЕНТАУДА ЖАС ЖҰБАЙЛАР ТОЙ КҮНІ ДАУЫС БЕРДІ

Кентау қаласында шаңырақ көтерген жас жұбайлар Мирас Ошакбаев пен Аяулым Балтабева өздерінің ерекше күнінде қаладағы № 40 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады.

Ақ некемен жаңа өмірге қадам басқан жастар қуанышты күндерінің бір сәтін ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуға арнады.

Сайлау учаскесіндегі үлкендер жас жұбайларға ақ батасын беріп, жаңа шаңырақтарына амандық пен бақ тіледі.

Осылайша, Мирас пен Аяулым үшін бұл күн отбасылық өмірдің басталуымен ғана емес, азаматтық таңдау жасауымен де есте қалды.

#ҚұрылтайСайлауы2026 #Кентау #ӘрДауысМаңызды