Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болады. Онда адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылықтары ретінде айқындалған.
Конституциялық нормалар азаматтардың күнделікті өмірімен тығыз байланысты. Олардың қатарында еңбек ету, білім алу, денсаулық сақтау, жеке өмірге қол сұғылмаушылық және заң көмегін алу құқықтары бар.
Әр азамат өз құқықтарын біліп қана қоймай, оларды қорғау тетіктерінен де хабардар болуы қажет. Бұл – құқықтық сауаттылықты арттырудың және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Конституцияда бекітілген құқықтарды құрметтеу және сақтау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.