Конституциялық тұрақтылық – өңірлік дамудың берік негізі

Конституциялық тұрақтылық – өңірлік дамудың берік негізі

Конституция – елдің саяси және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Онда мемлекеттік басқару жүйесінің қағидаттары ғана емес, азаматтардың құқықтары мен қоғам алдындағы жауапкершілігі де нақты белгіленген. Бұл нормалар әрбір өңірдің тұрақты дамуына негіз болады.

Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық жобалар да заң үстемдігі мен қоғамдық келісім қағидаттарына сүйенеді. Мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Конституция талаптарын құрметтеу – тұрақты мемлекет қалыптастырудың және келешек ұрпаққа жауапты қоғам қалдырудың басты шарты.