​Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

​Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясына жеті саяси партиядан барлығы 546 кандидаттың құжаттары тапсырылған.

????«Ақ жол» демократиялық партиясы - 63 кандидат;

????«Ауыл» партиясы - 69 кандидат;

????«Әділет» саяси партиясы - 186 кандидат;

????«Байтақ» жасылдар партиясы - 47 кандидат;

????Қазақстан халық партиясы - 72 кандидат;

????Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 33 кандидат;

????Respublica партиясы - 76 кандидат.

«Барлық партия ұсынған құжаттар кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді», - делінген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісовтің мәлімдемесінде.