Құрылтай сайлауына дайындық аясында оқыту семинары өтті

Құрылтай сайлауына дайындық аясында оқыту семинары өтті

Құрылтай сайлауына дайындық шеңберінде Төлеби ауданында орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау күнгі іс-қимыл алгоритмі, дауыс беру процесін заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу тәртібі, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ туындауы мүмкін даулы және шиеленісті жағдайларда заң аясында әрекет ету мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Оқытудың басты мақсаты – учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Құрылтай сайлауын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге ықпал ету.