Мемлекеттік қызметке іріктеу толық цифрлық форматта.

Мемлекеттік қызметке іріктеу толық цифрлық форматта.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы қабылданады. Бұл уақытты үнемдеп, үдерісті барынша қолжетімді етеді.

Кандидаттар:

✔️ заңнаманы білу тестінен;

✔️ жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді.

???? Тестте 55 сұрақ.

Кемінде 30 дұрыс жауапқа және әр заң бойынша кемінде 5 сұраққа дұрыс жауап беруі қажет.

Жеке қасиеттерді бағалау 3 бағытта өтеді:

— басшылық лауазымдар;

— басшылық емес лауазымдар;

— тәжірибе талап етілмейтін төменгі лауазымдар.

Нәтижелер 1 жылға жарамды.

Тестті айына 3 ретке дейін тапсыруға болады.

Конкурсқа ТОП-5 кандидат өтеді.

???? Құжаттар онлайн тапсырылады.

Іріктеу кезеңдері:

— басшылар: эссе + онлайн сұхбат;

— басқа лауазымдар: практикалық тапсырмалар;

Барлық нәтижелер автоматты түрде есептеледі.

Ашықтық үшін (сұхбаттан басқа) барлық кезеңде прокторинг қолданылады

⚡ Конкурс мерзімі қысқарды:

5–7 жұмыс күні (бұрын 23–30 күн)

Құрметті кандидат, жаңа жүйе арқылы Сіз еліміздің

кез келген өңіріндегі жарияланған конкурстарға

онлайн қатыса аласыз!