Бәйдібек ауданында алдағы мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық аясында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және дауыс беру учаскелерінің қолжетімділік деңгейін зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында сайлау учаскелерінің орналасуы, ғимараттарға кіріп-шығу мүмкіндігі, пандустардың болуы, қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған жағдайлар, дауыс беру кабиналары мен санитарлық талаптардың сақталуы назарға алынды.
Жұмыстың негізгі мақсаты – әрбір азаматтың денсаулық жағдайына қарамастан, сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына жағдай жасау, сайлау учаскелерінде инклюзивті орта қалыптастыру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау.
Сайлау – әр азаматтың тең құқығын жүзеге асыратын маңызды демократиялық институт. Сондықтан дауыс беру учаскелерінің барша азаматтарға қолжетімді болуы – сайлау ұйымдастырушыларының басты міндеттерінің бірі.
#Сайлау