ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Хасанов , комиссия мүшелері Қ.Құлажанов, Б.Өскенбаев 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу бойынша қаладағы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне оқыту семинарын өткізді.

Семинар алдында округтік сайлау комиссияларының жұмыстарын тексеріп, науқанға дайындығын көріп шықты.

Семинар қаладағы 17 колледж ғимаратында ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – комиссия мүшелерінің сайлау заңнамасы бойынша білімін жетілдіру, сайлау процесін ұйымдастыру тәртібін түсіндіру және сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес өткізуге қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту барысында сайлау заңнамасының негізгі талаптары, комиссиялардың міндеттері мен өкілеттіктері, кандидаттарды ұсыну, тексеру, тіркеу, дауыс беру процесін ұйымдастыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу және дауыстарды санау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай оқыту іс-шаралары сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыруға, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Семинар соңы сұрақ-жауаптарға ұласты.