Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында сайлау құқықтарын толыққанды жүзеге асыруға жағдай жасауға қатысты практикалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, сайлау алдындағы ақпаратты алудан бастап тікелей дауыс беруге дейінгі барлық кезеңдер қарастырылды.
Жұмыс тобының отырысына 100-ден аса адам - Жұмыс тобының мүшелері, Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің, саяси партиялардың, ТМД және ЕҚЫҰ ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі миссияларының өкілдері қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға учаскелік сайлау комиссияларының дайындық деңгейіне жүргізілген мониторинг нәтижелері таныстырылды. Аталған тексеру жұмыстарын Жұмыс тобының мүшелері аумақтық сайлау комиссияларымен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жүргізді. Мониторингтің негізгі параметрлері ретінде сайлау учаскелерінің және сайлау туралы ақпараттың қолжетімділігі, азаматтардың өздігінен жүріп-тұруы мен дауыс беруіне қажетті жағдайлардың жасалуы, сондай-ақ арнайы құралдар мен технологиялармен қамтамасыз етілуі белгіленді.
Толығырақ: https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/inde...