Сайлаушылар тізімдерінде өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады?

Сайлаушылар тізімдерінде өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады?

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Дауыс беруге құқығыңызды пайдалану үшін сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы деректердің дұрыс көрсетілгенін алдын ала тексерген жөн.

2026 жылғы 7 тамыздан бастап азаматтар өз сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінен өз деректерін тексере алады. Ол үшін:

Тұрғылықты жеріңіз бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жүгініңіз;
Әкімдіктің интернет-ресурты немесе байланыс орталығы арқылы ақпарат алыңыз;
Сайлаушылар тізімінде аты-жөніңіз бен басқа деректеріңіздің дұрыс енгізілгенін тексеріңіз.