Өскемен бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған. Қалада миллиардтаған теңгеге ірі нысандар бой көтеріп жатыр.
Бірақ бұл жобалар қарапайым тұрғындардың өмірін шынымен жақсарта ма?
«Жасампаз мекен» бағдарламасының алғашқы шығарылымында Риат Шони Өскемендегі ең ірі жобаларды аралап, құрылыс алаңындағы шынайы жағдайды, тұрғындардың пікірін және нақты нәтижені көрсетті.