ТҮНГІ РЕЙД: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

ТҮНГІ РЕЙД: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, «Жасөспірім – 2026» түнгі рейд жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда іс-шарасы аясында Абай ауылында, Ақтөбе ауылдық округі, Жамбыл ауылдық округі, Біртілек ауылдық округі, округтерінде түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд мақсаты:

* Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;

* Түнгі уақытта заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жүрген жастарды анықтау;

* Темекі, калян, ішімдік сынды зиянды заттарды сату мен пайдалануға жол бермеу;

* Жасөспірімдерге құқықтық түсіндірме жүргізу.

Рейд барысында бірнеше құқықбұзушылық анықталып, заңды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер мен ата-аналарға арнайы ескертулер берілді.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін сағат 22:00-ден кейін оларды қоғамдық орындарда жалғыз жібермеулеріңізді сұраймыз.

#Жасөспірім2026 #ТүнгіРейд #ҚұқықТәртіп #КелесЖастары #ЖастарРесурстықОрталығы КәмелеткеТолмағандар ТәрбиеТірегі

#Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДОК