Түркістанда 26-28 қыркүйек күндері «Turkistan Brand. Craft Fair» атты халықаралық қолөнер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі өтеді

Түркістанда 26-28 қыркүйек күндері «Turkistan Brand. Craft Fair» атты халықаралық қолөнер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесі өтеді

Түркістан облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шеберден - брендке. Өңірден - ұлттық өнімге. Түркістаннан - әлемдік нарыққа» қағидатын негізге алған жәрмеңке дәстүрлі қолөнерді заманауи дизайнмен және авторлық шығармашылықпен тоғыстыратын халықаралық алаңға айналады;

Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстан шеберлерінің ұлттық мұрасын дәріптеу, жергілікті өндірушілер мен шығармашылық кәсіпкерлерді қолдау және отандық өнімдерді халықаралық аудиторияға таныту;

Жәрмеңкеге 10 елден 100-150 қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Венгрия және Малайзия елдерінің шеберлері мен брендтері бар;

Өтетін күні: Қолөнершілер орталығы

Уақыты: 10:00 - 19:00