2026 жылғы 9–11 желтоқсан аралығында киелі Түркістанда түркі тілдес елдердің баспагерлері мен қаламгерлерінің басын қосатын ауқымды әдеби мереке ұйымдастырылады. Шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйытқы болуымен өтеді.
Көрме-жәрмеңкеде сізді не күтеді?
50-ден астам баспа үйі: Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Якутия және Башқұртстаннан келген жетекші баспалар мен ұйымдар.
Баспа бағасымен кітаптар: Барлық туындыларды делдалсыз, тікелей баспа бағасымен сатып алу мүмкіндігі.
Жаңа кітаптардың тұсаукесері: Ұлықбек Есдәулет, Роза Мұқанова, Несіп Жүнісбайұлы, Тұрсынхан Зәкен, Бекарыс Шойбеков, сондай-ақ шетелдік авторлар Сабрина Чеваннес пен Джейхун Хидаятлының жаңа туындылары таныстырылады.
Шығармашылық кездесулер: Танымал ақын-жазушылармен еркін сұхбат және автограф-сессиялар.
Балалар алаңы: Жас оқырмандарға арналған танымдық ойындар мен шығармашылық шеберлік сағаттары.
Өтетін орны: Түркістан қ., «Конгресс Холл» кешені (160-шы орам, 388)
Күндері: 9–11 желтоқсан, 2026 ж.
Уақыты: Күн сайын сағат 10:00–19:00 (Ресми ашылуы: 9 желтоқсан, сағат 11:00)
Кіру тегін! Кітапсүйер қауымды рухани кеште күтеміз! ????✨
Қосымша ақпарат: +7 707 371 03 01 | info@eurasbook.com
#TurkistanBookFair2026 #Түркістан #КітапКөрмесі #Фолиант #ТҮРКСОЙ #КітапОқитынҰлт