«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заң мен тәртіп – дұрыс шешім қабылдаудың жолы. Өзіңді тану» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Түркістан қалалық Полиция басқармасының өкілдері қатысып, қала тұрғындарына заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, алаяқтықтан қорғану, сондай-ақ өмірде дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.

Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

#Заңментәртіп

#ЗАКОНИПОРЯДО