???? Сайрам ауданы, 2025 жыл, 5 қазан
Бүгін Сайрам ауданында өтіп жатқан әкім сайлауына аудандық әжелер ұйымының мүшелері де белсене қатысуда. Ақ жаулықты аналар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға жауапкершілікпен қатысып жатыр.
Қоғамдық өмірде белсенділік танытып жүрген аналар қауымы бұл сайлауды ел дамуының, тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі ретінде бағалайтынын атап өтті.
— Біз әрбір азаматтың дауыс беруі – оның туған жерінің өркендеуіне қосқан үлесі деп білеміз. Сайлау – елдің ертеңін айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан жастарды да белсенді болуға, өз таңдауын жасауға шақырамыз, — деді аудандық әжелер ұйымының мүшесі.
Әжелер ұйымының өкілдері сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне тілектестік білдіріп, тұрғындарды азаматтық белсенділік танытуға үндеді.
Аналар қауымының бұл өнегелі қадамы жас ұрпақ үшін үлгі болып, қоғамдағы белсенді өмірлік ұстанымның көрінісіне айналды.
????️ #ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
????️ #САЙРАМСАЙЛАУ2025
????️ #МенДауысБеремін
????️ #Ауданүшінтаңдаужасадым
????️ #Сайлауғабардым