Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен көлік салығынан берешегі 250 АЕК-тен асатын 44 тұлғалға қатысты «Атқарушылық іс - жүргізу және сот орындаушының мәртебесі туралы» заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізуші куәлігінен айыру шараларын қолдану үшін сот органдарына ұсыныс жолданды.
Сот органдарына жолданған материалдардың нәтижесінде, 10 борышкер жүргізуші куәлігінен айырылды.