АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Арыс қаласында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай қарастырылған. Сайлау учаскелерінде арбамен қозғалатын азаматтарға пандустар мен кең кабиналар орнатылған. Зағип жандар үшін Брайль жүйесіндегі және аудио бюллетеньдер, ал есту қабілеті төмен азаматтарға сурдоаударма қызметі ұсынылған.

Қаладағы №9 сайлау учаскесіне таңертең алғашқылардың бірі болып Арыс қалалық мүгедектігі бар жандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Құдайқұлов немересімен бірге келіп, дауыс берді.

«Осыған дейінгі сайлау науқандарынан қалған емеспіз. Қазір мүгедектігі бар жандардың қатынауына кедергі жоқ. Барлық жерде пандустар бар. Барша қала тұрғындарын саяси науқанда белсенді болуға шақырамын. Бұл өз болашағымыз үшін маңызды», – деді ол.

Айта кетейік, Арыс қаласында 34 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар саны – 43 437 адам. Оның 2 200-ден астамы ерекше қажеттіліктері бар азаматтар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

_______

ВЫБОРЫ: В АРЫСИ СОЗДАНЫ УСЛОВИЯ ДЛЯ ГОЛОСОВАНИЯ ЛЮДЕЙ С ОСОБЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ

В городе Арысь во время внеочередных выборов депутатов маслихата созданы все необходимые условия для голосования людей с особыми потребностями.

На избирательных участках установлены пандусы и оборудованы просторные кабины для граждан, передвигающихся на инвалидных колясках. Для незрячих избирателей предусмотрены бюллетени со шрифтом Брайля и аудиоформатом, а для людей с нарушениями слуха предоставляются услуги сурдоперевода.

Одним из первых на избирательный участок №9 утром пришёл председатель общественного объединения людей с инвалидностью города Арысь Серик Кудайкулов. Он проголосовал вместе со своим внуком.

«Мы участвуем в выборах и раньше, не пропускали ни одной кампании. Сейчас для людей с инвалидностью нет препятствий при посещении участков. Везде установлены пандусы. Призываю всех жителей города активно участвовать в выборах. Это важно для нашего будущего», — отметил он.

Отметим, что в Арыси работают 34 избирательных участка. Число избирателей составляет 43 437 человек. Более 2 200 из них — граждане с особыми потребностями.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области