ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ӘЖЕЛЕР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕДІ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ӘЖЕЛЕР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕДІ

Бүгін елімізде өтіп жатқан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Түркістан облысының тұрғындары белсенділік танытуда. Қазығұрт ауданының ақ жаулықты әжелері де ұлттық киіммен сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беру рәсіміне өзіндік үлестерін қосты. Олар шашу шашып, халқымыздың салт-дәстүрінен көрініс ұсынып, өз таңдауларын жасады.

Әжелердің бұл бастамасы сайлау күнін ұлттық нақышпен сабақтастырып, дәстүр мен азаматтық белсенділіктің үйлесімін көрсетті. Ақ жаулықты аналардың өнегелі ісі үлкенді құрметтеу мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданында 61 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп жатыр. Ауданда дауыс беру құқығына ие 65 551 тұрғын тіркелген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

________

ВЫБОРЫ С НАЦИОНАЛЬНЫМ КОЛОРИТОМ: БАБУШКИ ИЗ КАЗЫГУРТА ПОДДЕРЖАЛИ НАЦИОНАЛЬНЫЕ ТРАДИЦИИ

Сегодня, в день внеочередных выборов депутатов маслихата, жители Туркестанской области проявляют активность. Бабушки из Казыгуртского района также пришли на избирательные участки в национальных костюмах, чтобы принять участие в голосовании. Они исполнили традиционный обряд шашу (разбрасывание сладостей) и продемонстрировали элементы казахских народных традиций.

Инициатива бабушек придала избирательному дню национальный колорит и показала, как можно сочетать гражданскую активность с уважением к традициям. Их пример стал своеобразным напоминанием о важности преемственности поколений, уважения к старшим и сохранения национальных ценностей.

Отметим, что в Казыгуртском районе работают 61 избирательный участок. Все они открылись в 07:00. Всего в районе зарегистрирован 65 551 житель, имеющий право голоса.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области