Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының ережелерін қатаң сақтау қажеттігін қосымша еске саламыз, оған сәйкес жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдасты

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының ережелерін қатаң сақтау қажеттігін қосымша еске саламыз, оған сәйкес жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдасты

Жоғарыда көрсетілген белгіленген тәртіпті бұза отырып, өткізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша жауаптылық көзделген.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен ұштасса, қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).

Сондай-ақ масс-медиада жалған ақпарат пен құқыққа қайшы контентті таратуға жол берілмейтініне назар аударамыз, өйткені мұндай әрекеттер үшін олардың қауіптілік дәрежесіне және келтірілген зиянға қарай Қылмыстық кодекстің

274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық та, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы бойынша әкімшілік жаза көзделген.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сайлау процесінің барлық қатысушыларын жоғарыда көрсетілген заңнамалық талаптарды қатаң сақтауға, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға және оларды жасаудан тартынуға шақырады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е. Өтегенов

???? https://t.me/