Қашан да инвесторлар акциялар бағамының өзгеруіне назар аударады. Қазатомөнеркәсіптің ұзақ мерзімді даму перспективаларын бағалау үшін бизнестің экономикалық негіздеріне және әлемдік уран нарығындағы жағдайға назар аударған жөн.
Атом энергетикасы дамудың жаңа кезеңін бастан өткеруде. Жаңа реакторлардың салынуы, жұмыс істеп тұрған атом электр станцияларының пайдалану мерзімін ұзарту, сондай-ақ, деректерді өңдеу орталықтары мен жасанды интеллектінің электр энергиясына деген қажеттілігінің артуы ядролық отынға ұзақ мерзімді сұраныстың өсуіне ықпал етуде. Сонымен қатар уран өндіру көлемін қысқа мерзімде ұлғайту мүмкіндіктері шектеулі: жаңа кен орындарын игеру қомақты инвестиция мен уақытты талап етеді.
Мұндай жағдайда Қазатомөнеркәсіптің бәсекелестік артықшылықтары ретінде ауқымды минералдық-шикізат базасын, уран өндірудің төмен өзіндік құнын және әлемдік энергетикалық компаниялармен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттардың әртараптандырылған портфелін атап өтуге болады. Бизнестің бұл моделі сатылымдардың болжамдылығын қамтамасыз етіп, уран бағасының қысқа мерзімді ауытқуларына тәуелділікті төмендетеді.
Компанияның штаттық режимде жұмысын жалғастырып, 2026 жылға арналған өндірістік және қаржылық болжамдарын растағаны да маңызды фактор.