Түркістан облысының Шорнақ ауылындағы екі қабатты мәдениет үйінде келушілерге ыңғайлы болу үшін лифт орнатылған.
Жамбыл облысының Бесағаш ауылында кітапхана мен коворкинг орталығы ашылып, оқушылардың білім алуына және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалады.
Ал Атыраудағы Бейбітшілік және келісім сарайында кинотеатр қарастырылған. Мұнда келушілер өңірдің тарихы мен мәдениеті туралы фильмдерді тамашалай алады.