Мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында Келес ауданындағы №324 сайлау учаскесінде «Тілектер бұрышы – болашаққа сенім» атты ерекше бастама ұйымдастырылды. Игі іс-шара барысында дауыс беруге тұрғындар арнайы қағаздарға ақжарма тілектерін жазып, арнайы стендке орналастырды. Қатысушылар елдің амандығын, халықтың бірлігі мен берекесін, жарқын болашақ пен тұрақтылықты тілектеріне арқау етті. Бұл бастама - сайлау күнінің мазмұнын арттырып қана қоймай, тұрғындардың ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуіне ықпал етті. Әрбір жазылған тілек ел болашағына деген сенім мен ізгі ниеттің көрінісіне айналды.
Айта кетейік, Келес ауданында барлығы 61 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ауданда дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны 72 мыңға жуық. Тұрғындардың саяси науқанға қатысуына және өз таңдауын жасауына қажетті жағдайлар қарастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ В ДЕНЬ ВЫБОРОВ ОРГАНИЗОВАЛИ АКЦИЮ «УГОЛОК ПОЖЕЛАНИЙ»
В рамках выборов депутатов маслихатов на избирательном участке №324 Келесского района прошла необычная инициатива под названием «Уголок пожеланий — вера в будущее».
Во время акции жители, пришедшие на голосование, записывали свои добрые пожелания на специальных листах и размещали их на стенде. Участники желали стране мира и благополучия, народу — единства и достатка, а будущему — стабильности и процветания.
Инициатива не только сделала день голосования более содержательным, но и помогла объединить жителей вокруг общих ценностей. Каждое написанное пожелание стало выражением добрых намерений и веры в будущее страны.
Отметим, что в Келесском районе работают 61 избирательный участок. Правом голоса обладают около 72 тысяч жителей. Для участия в выборах и свободного волеизъявления граждан созданы необходимые условия.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области