Мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында орналасқан №39 сайлау учаскесінде «Менің елім – менің қалам» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Мәдени іс-шара барысында өнерпаздар патриоттық әндер орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет дәріптелді. Мұндай бастамалар сайлау күнінің мазмұнын арттырып, тұрғындардың қоғамдық белсенділігін көтеруге ықпал етеді.
Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша барлығы 35 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қалада дауыс беру құқығына ие 57 568 азамат тіркелген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
ВЫБОРЫ: В КЕНТАУ ПРОШЁЛ КОНЦЕРТ «МОЯ СТРАНА — МОЙ ГОРОД»
В рамках выборов депутатов маслихата на избирательном участке №39, расположенном во Дворце культуры имени Ш. Калдаякова в городе Кентау, организовали концертную программу «Моя страна — мой город».
Во время мероприятия артисты исполнили патриотические песни и подарили зрителям хорошее настроение. Через музыкальные выступления они выразили любовь к родному краю и уважение к своей стране.
Подобные инициативы делают день голосования ярче и способствуют повышению общественной активности жителей.
Отметим, что в Кентау работают 35 избирательных участков. В городе зарегистрировано 57 568 граждан, имеющих право голоса.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области