ОТЫРАР АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Отырар ауданындағы барлық 40 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастап, дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Аудандағы 39 ашық сайлау учаскесімен қатар, аудандық орталық ауруханада орналасқан бір жабық сайлау учаскесі де жұмыс істеуде.

Таң сәріден алғашқы сайлаушылар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Аудан тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін танытуда.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру барысы белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып, тұрғындарға өз таңдауын жасауға барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.