Бүгін Отырар ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, алғашқы болып өз таңдауын жасаған сайлаушыларға Қазақстан Республикасының Жаңа Конституция кітабы сыйға тартылды.
Бұл – ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілігін танытып, маңызды қоғамдық науқанға белсенді қатысқан тұрғындарға көрсетілген құрметтің белгісі.
Сайлау учаскелеріне таңертеңнен келіп, өз таңдауларын жасаған азаматтар мұндай ықыласқа ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, әрбір азаматтың дауысы – ел болашағын айқындауда маңызды рөл атқарады. Ал мұндай игі бастама тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған