СОЗАҚТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

СОЗАҚТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

Созақ ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

Таңғы сағат 06:00-ден бастап, сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, дауыс беру процесі ресми түрде ашылды.

Сайлау учаскелерінде дауыс беруді ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, интернет желісі, байланыс құралдары мен техникалық жабдықтар толық қамтамасыз етілген.

Саяси науқанның алғашқы сәттерінен-ақ тұрғындардың белсенділігі байқалуда. Өз таңдауларын жасауға келген азаматтардың қатарында аға буын өкілдері, түрлі сала мамандары, еңбек адамдары мен жастар бар.

Айта кетейік, Созақ ауданы бойынша 38 сайлау учаскесі бар. Дауыс беруге құқығы бар 38 365 сайлаушы тіркелген