Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ахтаев ауданындағы №942 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Өмірлік тәжірибесі мол қария саяси науқанның маңызына тоқталып, тұрғындарды азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
«Сайлау – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз таңдауын білдіретін маңызды сәт. Қоғамның дамуына бейжай қарамай, әр тұрғын өз жауапкершілігін сезінуі керек. Сондықтан барша жерлестерімді сайлауға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіруге шақырамын», – деді Сейтхан Ахтаев.
Төлеби ауданында жалпы 69 сайлау учаскесі және 70 768 сайлаушы бар. Бұдан бөлек, әр сайлау учаскесіне комиссияның екі мүшесі бекітілген. Олар азаматтардың тіркелуіне қатысты мәліметтерді «Электрондық үкімет» (eGov) порталы арқылы сол жерде тексереді. Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге жұмыс істейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
ПРЕДСЕДАТЕЛЬ СОВЕТА ВЕТЕРАНОВ ТОЛЕБИЙСКОГО РАЙОНА ПРОГОЛОСОВАЛ НА ВЫБОРАХ
Председатель Толебийского районного совета ветеранов Сейтхан Ахтаев принял участие в голосовании на избирательном участке №942.
Он отметил важность политической кампании и призвал жителей района проявить гражданскую активность.
«Выборы – важный момент, когда каждый гражданин может выразить свою позицию относительно будущего страны. Каждый житель должен чувствовать ответственность за развитие общества и не оставаться в стороне. Призываю всех земляков прийти на избирательные участки и проявить свою гражданскую позицию», – сказал Сейтхан Ахтаев.
Всего в Толебийском районе работают 69 избирательных участков, зарегистрировано 70 768 избирателей. Кроме того, к каждому участку прикреплены по два члена комиссии. Они на месте проверяют сведения о регистрации граждан через портал электронного правительства eGov.
Избирательные участки будут работать до 20:00.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области