Мәслихат депутаттарының сайлауында Түркістан облысының тұрғындары аса белсенді. Барлық учаскелерде дауыс берушілердің қарасы қалың. Азаматтар таңғы сағат 07:00-ден бастап отбасымен, ұжымдастарымен бірге келіп, саяси науқанда өз таңдауларын жасауда.
Облыс бойынша 1 210 974 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 56 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, дауыс беруді ұйымдастыру үшін 26 жабық сайлау учаскесі қарастырылған. Сайлау барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етуге де баса назар аударылған. Облыста осы санаттағы 15 104 сайлаушы тіркелген. Оларға 65 инватакси, 105 әлеуметтік такси, 209 сурдоаудармашы және жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 770 азаматқа жеке көмекші қызмет көрсетеді. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін үйінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, сайлаушыларға қажетті ақпарат алу және өз учаскесін анықтау үшін облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі деректерін тексеруіне арналған 557 онлайн сервис, 22 шағын ХҚКО, 18 жергілікті Call-орталық және «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
ВЫБОРЫ: ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОЯВЛЯЮТ ВЫСОКУЮ АКТИВНОСТЬ
На выборах депутатов маслихатов жители Туркестанской области проявляют высокую активность. На избирательных участках наблюдается большой поток голосующих. С 07:00 жители приходят сделать свой выбор вместе с семьями и коллегами.
По области правом голоса обладают 1 210 974 человека. Это 56% населения региона. Кроме того, для организации голосования предусмотрено 26 закрытых избирательных участков.
Особое внимание уделено обеспечению избирательных прав граждан с особыми потребностями. В области зарегистрировано 15 104 избирателя этой категории. Для их удобства работают 65 служб инватакси и 105 социальных такси. Также задействованы 209 сурдопереводчиков. Для 770 маломобильных граждан с инвалидностью I группы предусмотрены услуги персональных помощников.
Для тех, кто по состоянию здоровья не может прийти на избирательный участок, организовано голосование на дому.
Кроме того, на официальных интернет-ресурсах областного акимата запущен онлайн-сервис «Найдите свой избирательный участок». Он помогает жителям получить необходимую информацию и узнать адрес своего участка.
Для проверки данных в списках избирателей также работают 557 онлайн-сервисов, 22 мини-центра обслуживания населения, 18 местных Call-центров и единый контакт-центр «109».
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области