Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, аудандық маңызы бар «Хантағы – Қаратау қорығы» бағытындағы автомобиль жолында орналасқан көпір қайта жаңартылып жатыр. Нысан Үсенбаев көшесінің бойында, Хантағы өзені арқылы өтетін учаскеде орналасқан. Бұл жоба ауыл ішіндегі және елді мекеннен тыс бағыттардағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған.
ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ