«Facebook-тегі бәрін танысақ та, көршілерімізді танымаймыз. Сонда біз осындай кезеңге неге жеттік? Бұл мәселеге қатысты өз пайымдауымды айтқым келеді. Біреу келісер, біреу келіспес. Меніңше, бұған әлеуметтік желінің де әсері бар.
Сондықтан осы тұста әлеуметтік желі арқылы жастарға идеологиялық бағытта көбірек жұмыс жүргізуіміз керек. Газет дейміз, теледидар дейміз. Әрине, олардың да маңызы зор. Бірақ қазір екінің бірі әлеуметтік желіде, телефонда отыр», – дейді Халық кеңесінің мүшесі Геннадий Шиповских.
«Егемен Қазақстан» газетінің «Санаткер ұлт» жобасынан.