«Тыныштық – елшіден, Татулық – көршіден»

«Тыныштық – елшіден, Татулық – көршіден»

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде көршімен тату тұру халқымыздың дәстүрлі құндылықтарының бірі екенін атап өтті. «Қазақ қашанда көршісін қадірлей білген. Қуанышта да, қиындықта да көршісіне сүйенген, көршісінің қасынан табылған. «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деген ұғым дінімізде және дәстүрімізде бар. Бұл бізге атадан қалған өсиет, анадан берілген қасиет», – деп тұжырымдады Мемлекет басшысы. Әрине, биліктің биігіндегі тұлғалар көршілік қағидасын үй мен үйдің қоңсылығынан гөрі ел мен елдің жақындығына көбірек телитіні анық. Дегенмен, мемлекеттер мекеніне қатысты кең ауқымдағы тату көршіліктің өзі есіктес қоныстанған екі-үш адамның ынтымағынан басталатыны рас. Одан әрі «Еншіні әке береді, Көршіні Құдай береді», «Адал көршісі бардың арманы жоқ», «Тыныштық – елшіден, Татулық – көршіден», «Жақсы көрші – жарты әлем», «Көршің сенімді болса, Іргеден жел соқпайды», – деп түйдектете келіп, адами қарым-қатынастың бұл түрін тағдырдың сыйына балайды», - дейді Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров.

Бұл пікір «Егемен Қазақстан» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясында өткен іс-шарада айтылды.