САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Төлеби аудандық мәдениет үйінде сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру және сайлау заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатында арнайы оқу семинары ұйымдастырылды.

Семинарға Ленгір қаласы, Киелітас, Кемеқалған, Аққұм және Зертас ауылдық округтеріндегі сайлау учаскелерінің комиссия төрағалары, төраға орынбасарлары мен комиссия мүшелері қатысты.

Іс-шараға облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Қ.Құлажанов, Қ.Мырзагелдиев арнайы қатысып, сайлау комиссияларының жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікірлерімен бөлісті.

Оқу семинарын Төлеби аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Р. Сайлауұлы жүргізді.

Семинар барысында сайлау заңнамасының негізгі талаптары, сайлау учаскелері комиссияларының міндеттері мен өкілеттіктері, сайлау процесін ұйымдастыру тәртібі, құжаттамаларды рәсімдеу және сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес өткізу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар облыстық сайлау комиссиясының өкілдері тарапынан әдістемелік түсіндірмелер беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Семинар аясында тәжірибе алмасуға және комиссия мүшелерінің өзара пікір бөлісуіне мүмкіндік жасалды.

Мұндай оқу семинарлары сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын жетілдіруге, заң талаптарын бірізді орындауға және сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Басты міндет – сайлау процесін заң талаптарына сай ұйымдастырып, әрбір кезеңде жауапкершілік пен кәсібилікті қамтамасыз ету.

#ТөлебиАуданы #СайлауКомиссиясы