АЛКОГОЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ КЕПІЛІ

АЛКОГОЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ КЕПІЛІ

Алкоголизм – қазіргі қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық жағдайына және қоғамдық өміріне кері әсерін тигізеді. Ол түрлі аурулардың туындауына, отбасындағы келеңсіз жағдайларға, құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының орын алуына себеп болуы мүмкін.

Алкоголизмнің алдын алу – әрбір азаматтың денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауынан басталады. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әдеттерден аулақ болу және жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу – алкогольге тәуелділіктің алдын алудың маңызды бағыттары.

Әсіресе жас ұрпаққа алкогольдің зияны туралы дұрыс ақпарат беріп, олардың бойында салауатты өмір салтына деген оң көзқарас қалыптастыру қажет. Сонымен қатар отбасы тәрбиесі мен қоғамның қолдауы да бұл мәселеде маңызды рөл атқарады.

Алкогольге тәуелділік белгілері байқалған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуден тартынбаған жөн. Уақтылы көрсетілген медициналық және психологиялық көмек адамның қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік береді.

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты байлық. Алкогольден бас тартып, салауатты өмір салтын таңдау арқылы өз болашағымызға және қоғамның саулығына үлес қосайық.