ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың басты қағидаты. Қоғамда тұрақтылық орнап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалуы үшін заң талаптары баршаға бірдей орындалуы тиіс.

Әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауы, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы – ортақ міндет. Құқық бұзушылыққа бейжай қарамау, әділдік пен жауапкершілікті жоғары қою қоғамның құқықтық мәдениетін арттырады.

Заң үстемдік еткен жерде сенім де, тәртіп те, тұрақтылық та болады. Сондықтан заңға бағыну – тек міндет емес, өркениетті қоғамның маңызды белгісі.

Заңды құрметтеу – елді құрметтеу!