2026 жылғы қаңтар–қазан айларында Қазақстанда барлық көлік түрімен 1,64 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% артық.
Есепті кезеңде жолаушылар айналымы 80,3 млрд жолаушы-километрді құрады (жолаушылар айналымы – тасымалданған барлық жолаушының жүріп өткен қашықтығының жиынтық көрсеткіші). Бұл өткен жылдың қаңтар–қазан айларымен салыстырғанда 8,1%-ға өсті.
Жолаушыларды барлық қатынас түрлері бойынша тасымалдаудан түскен кіріс 1,4 трлн теңгеге жетті.
Толығырақ оқу (https://stat.gov.kz/.../aza-standa-zholaushylar-tasymaly.../)